25.02.2019

Жұмабаева Шарапат Назарбекқызы

Ұқсаған болсақ егер нағашыға,
Жайқалып өстік сонау қыр басына.
Бүгінде естіп талай жыр дастанды,
Нағашыдан қаламызба жыр жазуда.
---------------------------------------------
Жан әжем,асыл әжем ардақтымсың,
Мен келемін аналардың жалғап ізін.
Құлағыма құйып сонау ақылыңыз,
Жұмабаевтар отбасының батырысыз.
---------------------------------------------
Мені әрдайым қолдадыңыз,қорғадыңыз,
Бізге өзіңіз болдыңыз қорғанымыз.
Бақыттың жасы тамсын көзіңізден,
Әрдайым орындалып арманыңыз!
--------------------------------------------
Оқып жырын нағашымның бүгін кешке,
Бір екі сөздер түсті сонда еске.
Көңілім босап шіркін көздерімнен,
Жастарым домаланып жерге түсті.
--------------------------------------------
Аяқ асты шығып жатыр осы сөздер,
Есімнен еш кетпейді өткен кездер.
Әжемнің мен дегенде шығар жаны,
Салтанатым құлыным деген сөздер!

Комментариев нет: