25.02.2019

Қалаулым 300шығарылым

1)Қалаулысын іздеген қыз жігіттер,
Көкейінде тұрады көп үміттер.
Кейбіріне ұнайды,ұнамайды,
Шымылдықтың артындағы үміткер..
2)Талайлар тілге тиек етті біраз,
Қалаулымды даттамаған күндер тым аз.
Сондықтан өрлеңіздер,самғаңыздар,
Даттағанға болар еді бұл жауап саз.
3)Тәтті шәйдің шырайын кіргізгенде,
Құлақты көк жәшікке түргізгенде,
Тірлікті жайғастырып асығамыз,
Қалаулымды Аша Матай жүргізгенде...
4)300-інші шығарылым мерекеңіз,
Кіре берсін әрдайым берекеңіз.
Қалаулысын тапса екен деп қатысушы,
Қабыл болсын тілеген тілегіңіз!!!
 Құттықтаймын шын жүректен! @_saltanat_erzhan  Айтқұл Салтанат  ОҚО Жетісай қаласы 

Комментариев нет: