25.02.2019

Қалаулым 300шығарылым

1)Қалаулысын іздеген қыз жігіттер,
Көкейінде тұрады көп үміттер.
Кейбіріне ұнайды,ұнамайды,
Шымылдықтың артындағы үміткер..
2)Талайлар тілге тиек етті біраз,
Қалаулымды даттамаған күндер тым аз.
Сондықтан өрлеңіздер,самғаңыздар,
Даттағанға болар еді бұл жауап саз.
3)Тәтті шәйдің шырайын кіргізгенде,
Құлақты көк жәшікке түргізгенде,
Тірлікті жайғастырып асығамыз,
Қалаулымды Аша Матай жүргізгенде...
4)300-інші шығарылым мерекеңіз,
Кіре берсін әрдайым берекеңіз.
Қалаулысын тапса екен деп қатысушы,
Қабыл болсын тілеген тілегіңіз!!!
 Құттықтаймын шын жүректен! @_saltanat_erzhan  Айтқұл Салтанат  ОҚО Жетісай қаласы 

Тұрмысқа қалай шықтым?!


Қыс мезгілі дала суық,
түнгі үштер шамасы.
Бір смс келіп түсті,
Телефонға қарашы.
-Шықшы Салта ұзақ жолдан мен келдім,
Сен келер деп мына жолға телмірдім.
--------------------------------------------
Абыржыдым алақаным терледі,
Шыға салу оңайлықпен келмеді.
Ары жүріп бері жүріп қобалжып,
Ақырында мынадай бір ой келді.
--------------------------------------------
-Ұзақ жолдан  келді емеспе,
Шықпағаным жарамас.
Күттіріп көп жата берсем,
Ол қылық маған жараспас.
Қорқып тұрмын,қараңғылық,
Жүріп келем көшеде.
Қара мысық бұлғаңдаған Алдымнан шығым кесеме,
Жақындадым көшеге.
--------------------------------------------
Шықты алдымнан,ұзын бойлы сымбатты,
Жүріп келіп маған қарай үн қатты.
Саулық сұрап көлікке қарай ептеді,
Ойыма менің еш қорқыныш келмеді.
--------------------------------------------
Көлік іші толы жігіт саспадым,
Отыра қап мен көлікке,арқаны кең тастадым.
Түн ортасы,қыз баласы төрт жігіт,
Тиіседі-ау деп мен ешқандай қорықпадым.
Себебі менің адал жарым ардағым,
Бір сенерім отыр еді Ержаным!
--------------------------------------------
Таныстырды достарымен сол кезде,
Деп сұрады сонда бірі,
-Көп күттірдің ,әдейіме,шыныменбе?
Деп күлісіп, жөн сұрастық білістік,
Бір жерге барып жүрек жалғауға келістік.
--------------------------------------------
Жүргек көлік жүріп жатыр ,көшелерден зуылдап,
Сонда барып лүпіл қақты,жүрегім менің дуылдап.
Әсем қала,ару қала,гамдары тұр жарқырап,
Дала суық қар жауып тұр қақырап. 
---------------------------------------------
Міне солай Жетісайға кеп қалдым,
Альсейтовтар отбасына үлкен келін боп қалдым.
Мені осылай адал жар деп таңдаған, 
Махаббатымның таңдауына қуанам!

Жұмабаева Шарапат Назарбекқызы

Ұқсаған болсақ егер нағашыға,
Жайқалып өстік сонау қыр басына.
Бүгінде естіп талай жыр дастанды,
Нағашыдан қаламызба жыр жазуда.
---------------------------------------------
Жан әжем,асыл әжем ардақтымсың,
Мен келемін аналардың жалғап ізін.
Құлағыма құйып сонау ақылыңыз,
Жұмабаевтар отбасының батырысыз.
---------------------------------------------
Мені әрдайым қолдадыңыз,қорғадыңыз,
Бізге өзіңіз болдыңыз қорғанымыз.
Бақыттың жасы тамсын көзіңізден,
Әрдайым орындалып арманыңыз!
--------------------------------------------
Оқып жырын нағашымның бүгін кешке,
Бір екі сөздер түсті сонда еске.
Көңілім босап шіркін көздерімнен,
Жастарым домаланып жерге түсті.
--------------------------------------------
Аяқ асты шығып жатыр осы сөздер,
Есімнен еш кетпейді өткен кездер.
Әжемнің мен дегенде шығар жаны,
Салтанатым құлыным деген сөздер!